Жаңалықтар тізбегі
0

Astana Hub Battle ең ірі стартаптар шайқасының жүлде қоры 4 есе ұлғайды

Astana Hub Battle ең ірі стартаптар шайқасының  жүлде қоры 4 есе ұлғайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2023 13:48 Сурет: digitalbridge.kz
12-13 қазанда Қазақстан астанасында Digital Bridge 2023 IT-форумы аясында дәстүрлі Astana Hub Battle үздік IT-стартаптардың ең үлкен шайқасы өтеді. Биыл батлдың жүлде қоры 4 есе ұлғайып, $75 мыңды құрайды.

Digital Bridge форумына әлемдік компаниялардың жетекшілері, IT-инновация саласындағы сарапшылар, венчурлық инвесторлар, сонымен қатар жергілікті және әлемдік стартап-қауымдастықтар жиналып, технология әлемінде білім мен тәжірибе алмасатын алаң құрайды. Биылғы форумның негізгі тақырыбы: Қазіргі әлемдегі жасанды интеллект - Artificial and Human Intelligence: the right balance рөлін талқылау болмақ.

Форумның көптен күтілген оқиғаларының бірі - Astana Hub Battle. Бес жыл қатарынан IT-қауымдастық пен жалпы жұртшылықтың назарын аударып келе жатқан IT-стартаптар арасындағы жарыс биылғы жылы ерекше қызық болады.

"Биыл біз Astana Hub Battle концепциясын сәл өзгерттік. Жеңімпаздар үш номинация бойынша марапатталады - Best Social Impact, The Most Innovative, Exponential Growth. Ал жүлде қоры $75 мыңға дейін артады, әр номинация бойынша $25 мың. Қазылар алқасының құрамында еліміздің ірі инвесторлары болады, сондықтан ресми жүлдеден бөлек, перспективалы жобалар қазылар алқасынан қосымша ұсыныстар алуы мүмкін", - деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

Astana Hub Battle - экожүйенің жаңа қатысушыларын іздеу, отандық стартап-мәдениетті көпшілікке таныстыру және өңірде технологиялық кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі миссияның маңызды бөлігі. Батлға қатысу үшін стартаптардың MVP немесе PMF сатысында масштабталатын жобасы болуы керек.

Байқаудың өткен жылдардағы жеңімпаздары қатарында Kwaaka, NBfit, UvU, Parqour, EasyTap және Kid Security сияқты табысты стартаптар бар, бұл Astana Hub Battle-дың инновациялық кәсіпкерлік идеяларды қолдаудағы маңыздылығын көрсетеді.

Digital Bridge 2023 шеңберіндегі Astana Hub Battle шарасына қатысу өтінімдері digitalbridge.kz форумның ресми сайтында 20 қыркүйекке дейін қабылданады. Алдын-ала іріктеуден өткен 100 бәсекелес жоба қазылар алқасы алдына шығады. Оларға форумның бірінші күні Astana Hub Battle жартылай финалында бір минуттық презентация жасауға мүмкіндік беріледі. Қазылар алқасы форумның екінші күні өтетін финалда үздік атағына таласатын 10 стартапты таңдайды.

Digital Bridge 2023 форумына дәстүрлі түрде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Шара алаңында 20 000+ қатысушы, 300+ IT компания, 100+ инвестор мен бизнес-періштелер, 250+ спикер және әлемнің 15+ елінен 100+ стартап бас қосады.

Digital Bridge ұйымдастырушыларыҚазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Astana Hub халықаралық технопаркі.

Digital Bridge 2023 және Astana Hub Battle туралы қосымша ақпарат digitalbridge.kz шараның ресми сайтында бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: