Жаңалықтар тізбегі
0

Ирина Кайратовна мен Dequine 2GIS навигаторында жолды бағыттайды

«Кептелісті оп-оңай айналып өтеміз, жолға немен аттанатының маңызды емес, маңыздысы — кіммен». Ирина Кайратовна мен Dequine 2GIS навигаторында жолды бағыттайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2023 15:41 Сурет: 2GIS
"Кептелісті оп-оңай айналып өтеміз, жолға немен аттанатының маңызды емес, маңыздысы — кіммен". Ирина Кайратовна мен Dequine 2GIS навигаторында жолды бағыттайды.

2GIS навигаторында жаңа дауыстар пайда болды — енді сіз Ирина Кайратовна мен Dequine-ді автокөлікпен, велосипедпен, самокатпен сапарға шығуға немесе жаяу серуендеуге өзіңізбен бірге алып жүре аласыз: танымал қазақстандық әртістер маршрут бойынша бағыттап, жолда зерігуіңізге жол бермейді. Сізге навигатор баптауларындағы дауыстың бірін таңдау ғана қалды — жұлдыздар сіздің өз таңдауыңызды iOS пен Android-қа арналған 2GIS мобильді қосымшасында жасағаныңызды күтіп қалды.

Маршрутты дауыспен бағыттау сапар немесе серуендеу кезінде назарыңызды смартфон экранына аудармауға көмектеседі. Егер жаяу жүрсеңіз, телефонды қалтаңыздан мүлдем шығармауға болады — көп ұзамай бұл айрықша өзекті болады: қыс жақындап қалды.

"2GIS көктемде халықаралық картографиялық сервистер арасында бірінші болып қазақ тіліне аударма жасады. Жазда біз навигаторға алғашқы қазақ дауыстарын қостық, енді жаңа штурмандар — Ирина Кайратовна мен Dequine-ді — таныстыруға қуаныштымыз. Олар танымал әртістер ғана емес, сондай- ақ олармен әңгімелесу — бір ғанибет, олардың дауыстары Қазақстандағы миллиондаған пайдаланушыларға ұнайды деп үміттенеміз", — деді 2GIS өнім маркетингі бағытының жетекшісі Семён Кольцов.

"Жақсырақ маршрут табылды. Бірақ онда азық-түлік бағасы сол қалпы"

Музыканттар мен ойын-сауық контентін жасаушылар командасы — Ирина Кайратовнаның — орындауындағы навигаторды дыбыстаудың шырайы әртістерге тән әзілдермен келтірілген. Жігіттер навигатордың жол туралы білетін барлық маңызды ақпаратымен бөлісіп, олар туралы ескертеді, бірақ кейде қарапайым және түсінікті нұсқауларға кекесін сөздерді қосады. Мысалы, Ирина Кайратовна дыбыстауын таңдағандар ести алатын бірнеше фразалар:

  • "Батарея заряды төмен. Мылжың нәрселерді қарауды доғар. Біздің клиптерді қара!"
  • "Келдік, бауырым! Күн сайын осылай жүр — сүйтіп көлікке ақша жинай аласың"
  • "Ерікті адам екенсің, базар жоқ! Маршрут қайта құрастырылды"
  • "А, жоқ, ерікті емес болып шықтың. Маршрутқа қайтып оралдың"

"Оңға бұрыл", "30 метрден кейін жылдамдықты бақылау камерасы, шектеу сағатына 40 километр", "алда бағана" және т.б. сияқты фразаларды жүздеген рет қайталау оңай емес. Әрине, біз өзімізге ерік беріп, арасында әзіл-қалжыңдарды қостық. Бізге тым шектен шыққандары кесіліп тасталынады деп уәде берді, бірақ бізде оны тексеруге уақыт болмады, — деді Алдияр Жапарханов. — Сондықтан біздің дауыстарымызды тыңдаңыздар, бірдеңе тапқан жағдайда бізге жазыңыздар. Бірге ұялайық немесе көңіл-күйімізді көтеріп алайық".

Ирина Кайратовнаның орындауындағы навигаторды дыбыстау орыс және қазақ тілдерінде қолжетімді — навигатор баптауларынан таңдауға болады.

"Демалуға барайық, біз керемет тандемміз"

Қазақстандық әнші Dequine (шын есімі — Данеля Садыкова) навигаторға арналған дауыстық нұсқаулықтарды қазақ тілінде жазды — қазір ол өз мәдениеті мен тілін белсенді зерттеп меңгеруде. Болашақта негізінен орыс тіліндегі әндерден тұратын репертуарына қазақ тіліндегі композицияларды қосуды жоспарлап отыр. Егер сіз Dequine шығармашылығының бағалаушысы болсаңыз және әнші дауысының қазақ тілінде қалай естілетінін білгіңіз келсе — оны 2GIS-те қосыңыз.

"2GIS-ті Қазақстанда 10 миллионнан астам адам пайдаланады, мұндай үлкен аудиторияға шығу — өте толқындырарлық жағдай. Өз ана тілімде шығу одан да қатты толқындырады, себебі қазақ тілін әлі жетік меңгерген жоқпын, бірақ мен дыбыстауға бар махаббатымды салдым. Мен жолға шығатындардың барлығын дауыспен қолдап, құшаққа алуға тырыстым", — деді Dequine.

Жаңа навигатор дауыстары 2GIS пайдаланушыларына Android пен iOS жүйелерінде қолжетімді. Жаңа дыбыстауды қосу үшін "Баптаулар" — "Навигатор" — "Дауыс" бөлімдеріне өтіп, қажетті дауысты таңдау керек. Сіздің жаңа штурмандарыңыз айтқандай, жолға немен аттанатының маңызды емес, маңыздысы — кіммен.

Бэкстейдж — навигатордың жаңа дауыстары қалай жазылды

2GIS туралы анықтама

2GIS Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның топ-30 мобильді қосымшасы тізімінде бірінші орын алады. Геосервис бір қосымшада қалалар карталарын, ұйымдар анықтамалығы мен автокөлік жүргізушілеріне, жаяу жүргіншілерге, сондай-ақ экологиялық көлікпен — велосипедтер мен скутерлермен — жүретіндерге арналған навигаторды біріктіреді. Қазақстанда 2GIS 2012 жылдан бері жұмыс істейді және бүгінде Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен, Шымкент және т.б. сияқты Республиканың 40-тан астам қаласы мен елді мекенінде жол табуға көмектеседі. 2023 жылдың тамыз айында геосервистің Қазақстандағы белсенді аудиториясы айына 10,1 млн пайдаланушыдан асты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: