Жаңалықтар тізбегі
0

Жетісу облысында күзетші прокурорды мектепке кіргізбей қойды

Жетісу облысының прокуратурасы, мектеп күзетшісі, мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2023 14:20 Сурет: Zakon.kz
Талдықорғанда қызық жағдай болды: мектепті тексеруге келген Жетісу облысының прокурорын күзетші ішке кіргізбей қойған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев мектеп оқушыларының оқу жағдайымен жеке танысып, ғимараттардың жай-күйін тексеру мақсатында Талдықорған қаласындағы білім беру мекемелеріне тосыннан тексеру ұйымдастырды. Ол алты мектепті аралап, көптеген заңбұзушылықты анықтады. Алайда кезекті бір мектепке келгенде күзетші прокурордың ішке кіруіне рұқсат бермеген.

Прокуратураның мәліметінше, кейбір мектептерде өрт сөндіргіштердің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. Басқа оқу орындарында дабыл түймелері істемей тұрған: тек бір жағдайда ғана полицейлер сигналдан кейін дереу жеткен. Талдықорғанның дәл ортасында орналасқан мектеп-интернатта душ жоқ, заттарға арналған шкафтар тым тар.


Ал Ушинский орта мектебінің күзетшісі өз жұмысына аса жауапкершілікпен қарайтыны белгілі болды. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, ол облыс прокурорын танымай, делегацияны ғимаратқа кіргізуден үзілді-кесілді бас тартты. Кейін бірнеше рет қоңырау шалып, мектеп директорының жеке араласуынан кейін Мадияр Басшыбаев мекемені тексеруге мүмкіндік алған. Прокурор тиісті органдарға барлық анықталған кемшіліктерді жақын арада жоюды тапсырды.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: