Алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкентте күн райы қандай болады
Сурет: pixabay
Синоптиктер 2023 жылдың 21-23 қыркүйек күндеріне елордада, Алматы мен Шымкент қалаларының күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана
21 қыркүйек – көшпелі бұлтты, түнде аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік, солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +18+20°С.
22 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с болады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +17+19°С.
23 қыркүйек – көшпелі бұлт шығады, ауық-ауық жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +13+15°С.
Алматы
21 қыркүйек – күн бұлтты, күннің аяғында жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +18+20°С.
22 қыркүйек –күн бұлтты болады, жаңбыр жауы, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Батыстан соғатын желдің күші 3-8, кейде екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +12+14°С.
23 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жаңбыр, түнде тұман. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +16+18°С.
Шымкент
21 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +21+23°С.
22 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +21+23°С.
23 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 8-13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +23+25°С.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript