Ақтөбеде жас жігіт жұмыс орнынан екі қорап ішімдік ұрлап, сатып жіберген
Сурет: видео скрині
Ақтөбеде жас жігіт жұмыс орнынан екі қорап ішімдік ұрлап, сатып жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
18 қыркүйек сағат шамамен 16:45-те Ақтөбедегі гипермаркеттердің бірінің 19 жастағы қойма қызметкері өзі жұмыс істейтін гипермаркеттен екі қорап арақ, үш хош иістендіргіш және автокөлік салонын жылтыратуға арналған құралды ұрлаған.
Жас жігіт ұрланған заттарды гипермаркетке жақын жерге қойылған автокөлігінің салонына тиеген және әрі қарай ұрланған ішімдіктерді қаладағы мейрамханалардың біріне сатқан. Келтірілген залалдың жалпы көлемі 80 мың теңгені құрады.Бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы ұры ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Заттай айғақтар алынды.
Ұрлық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript