Жаңалықтар тізбегі
0

Urker-2023 ұлттық бәйгесінің номинанттары белгілі болды

Үркер, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2023 01:52 Сурет: Telegram/aqparatqogam
Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы Urker-2023 ұлттық сыйлығы номинанттарының шорт-листі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шорт-листке 48 номинант енді:

Жылдың үздік сұхбаты:

  • Лэйла Тастанова - Time.kz;
  • Эльмира Асқарқызы - Nur.kz;
  • Айхан Шәріп - "Айқын" газеті;
  • Мейрамтай Иманғали - "Дидар" газеті (Шығыс Қазақстан облысы).

Жылдың үздік репортажы:

  • Рабиға Дүсенғұлова - Tengrinews.kz;
  • Санат Урналиев - Informburo.kz;
  • Арайлым Мұрат - Inform.kz;
  • Дина Әділ - Qaz365.kz Жаңа Қазақстан порталы.

Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал:

  • Индира Сатбаева - "Вечерний Алматы" газеті (Алматы қаласы);
  • Айбек Тасқалиев - "Ақтөбе" газеті (Ақтөбе облысы);
  • Амангүл Тілейқызы - El.kz;
  • Қажет Андас - "Жетісу" газеті (Жетісу облысы).

Жылдың үздік журналистік зерттеуі (Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация):

  • Талғат Батырхан - "Егемен Қазақстан" газеті;
  • Карина Негметова - Kokshetau.info (Ақмола облысы);
  • Анна Величко - Golos-naroda.kz;
  • Евгения Максимова - Zhaikpress.kz (Батыс Қазақстан облысы).

Жылдың үздік аналитикалық материалы:

  • Ерік Рахым - Nege.kz;
  • Сұлугүл Бакесова - Forbes Kazakhstan;
  • Меруерт Сарсенова - Kapital.kz;
  • Жанель Жазетова - Informburo.kz.

Жылдың үздік жаңалықтар порталы:

  • Nege.kz;
  • Stan.kz;
  • Nur.kz;
  • Golos-naroda.kz;

Радиостанциядағы үздік жоба:

  • "Жаңа ФМ" радиосы - "Зеленая волна" бағдарламасы (Қарағанды қаласы);
  • Astana FM радиоарнасы - Ақпараттық-әлеуметтік бағдарламасы;
  • Orda FM - Zhas STAR бағдарламасы;
  • "Той Думан" радиосы - "Беташар шоу".

Жылдың үздік фотосуреті:

  • Досжан Балабекұлы;
  • Владимир Третьяков;
  • Валерий Бугаев;
  • Самат Құсайынов.

Үздік өңірлік БАҚ:

  • Jetisy газеті (Жетісу облысы);
  • "Алатау арайы" газеті (Қонаев қаласы);
  • "Панорама Шымкента" газеті (Шымкент қаласы);
  • "Сыр бойы" газеті (Қызылорда облысы).

Үздік халықаралық БАҚ (баспа радио интернет-журналистика саласындағы):

  • "Қазақ елі" журналы (Түркия);
  • Баян-Өлгий аймағының бұқаралық радиосы (Моңғолия);
  • "Шүйдің нұры" газеті (Ресей);
  • "Нұрлы жол" газеті (Өзбекстан).

Үздік подкаст:

  • Zere - Мәншүк Асаутай;
  • Dope Soz - Жомарт Аралбайұлы, Арсен Түсіпбек;
  • OY-DETOX - Әйнел Әмірхан;
  • Momski әңгіме - Жетен Даурен . 

Үздік YouTube каналы:

  • Абай Сейфоллаұлы - Abay Live;
  • Ренат Ташкинбаев - Студия "Другие места";
  • Байдалы Жазира - Sayahat Time;
  • Болат Бұхарбай - Jaqsy Bolady.

Urker-2023 Ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары 22 қыркүйек күні белгілі болады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі Астана қаласы "Қазмедиа" орталығында өтеді. Жеңімпаздарға Urker естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталады.

Биыл байқау 12 номинация бойынша өткізілуде, оның ішінде медиа саласын дамытуға үлесін қосып жүрген медиа мамандары үшін үш жаңа номинация қосылды. Атап айтсақ, "Үздік халықаралық БАҚ", "Үздік подкаст", "Үздік YouTube каналы".

Байқауға баспа, радио, интернет-журналистика саласында қызмет етіп жүрген журналистерден барлығы 450 өтінім, солардың ішінде ең көбі "Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал", "Жылдың үздік сұхбаты", "Үздік өңірлік БАҚ", "Жылдың үздік аналитикалық материалы" және "Жылдың үздік репортажы" номинациялары бойынша келіп түсті. Үздік жұмыстарды құрамында беделді журналистер, медиа менеджерлер бар қазылар алқасы анықтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: