Жаңалықтар тізбегі
0

Тұман, жел: еліміз бойынша 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Астана, Алматы, Шымкент, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2023 17:11 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылдың 22 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, күн райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Синоптиктердің мәліметінше, тек республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен күн райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады.

Республика бойынша түнде және таңертең екпінді жел соғады, тұман түседі.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, түнде батыстан 2-7 жел соғады, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +18+20°С.

Алматыда – күн бұлтты, арасында қатты жаңбар жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +12+14°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +22+24°С.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: