Мектепке есек мініп барған ер адам жұртты сүйсінтті
Сурет: pixabay
Алматы облысының тұрғыны жұбайының туған күнінде тосын сый жасады. 2023 жылғы 22 қыркүйекте Instagram парақшасында құттықтау сәтінің бейнежазбасы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz .
Бейнежазбадан қолына гүлі мен тортын ұстап, мектепке есекпен кіріп келе жатқан ер адамды көруге болады.
"Бүгін Қарлығаштың туған күні. Күйеуі есекпен келіп тұр", – дейді видео авторы.
Игі іске әріптестері де риза болды.
Қазнет қолданушылары да ер адамның бұл әрекетіне оң баға беріп, қолдау білдіріпті:
- Күшті!
- Жарайсың!
- Гүл әдемі екен, жарайсыз!
- Гүл есектен қымбат болды.
- Керемет!
- Ең бақытты әйел! Бақыттан жүзі бал-бұл жайнап тұр, жарайсыз!
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript