Алматы тауларында осы айда екінші мәрте қар жауды
Сурет: pixabay
2023 жылы 22 қыркүйекте "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының Instagram-дағы парақшасында тау басында қыпылықтап жауған әппақ үлпек қардың видеосы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қыс жақындап қалды", делінген видео атауында.
"Сүттей әппақ, ұлпадай мамық, тура қыс мезгіліндегідей, өте әдемі. Білесіздер ме, бұл осы айда түсіп тұрған екінші қар! Күздің басы қалай, ұнады ма? Қысты тағатсыздана күтіп тұрғандай ма?", делінген видео сипаттамасында.
Айта кетсек, 5 қыркүйекте Қазнетте Алматы мен Алматы облысының тауларында жауған алғашқы қардың суреттері жарияланған болатын.
Алайда алматылықтарды алда күздің жылы күндері әлі күтіп тұр. "Қазгидрометтің" мәліметінше, алдағы жеті күннің барысында оңтүстік астанадағы ауа температурасы 24 градусқа дейін көтеріліп, күн жылы болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript