Елордалық дүкендердің бірінде тұрғын қарт адамның әмиянын ұрлап кеткен

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2023 12:43 Сурет: ҚР ІІМ
70 жастағы қарт адам полицияға супермаркеттегі келушілерге арналған шкафтан әмиянының жоғалып кеткенін хабарлаған. "Іздестіру" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасаған 32 жастағы елорда тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам Бөгенбай батыр даңғылы бойындағы супермаркетке келіп, кілтті таңдау арқылы шкафты ашқан.

Бөлмедегі шкафтан қарт атаның кәмелетке толмаған немересіне арналған сымсыз құлаққап салынған әмиянын ұрлап үлгерген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: