Талғар ауруханасындағы оқиға: реаниматологтың бір көзі көрмей қалуы мүмкін

аурухана, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2023 23:16 Сурет: КТК телеарнасы
Алматы облысы Талғар қаласында оңбай таяқ жеп, жансақтаудан бір-ақ шыққан екі дәрігер есін енді жиды, жағдайы әлі толық оңалмаған, тіпті реаниматологтың бір көзі көрмей қалуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, реаниматолог дәрігердің көру қабілеті нашарлаған.

"Сол жақ көзі нашар көреді. Қадағалаймыз, мүмкін көзіне ота жасау керек болар. Тағы бір қызметкердің мұрны сынған. Жағдайы тұрақталғаннан кейін оған жоспар бойынша ота жасалады".Талғар аудандық орталық ауруханасы

Еске салайық, 2023 жылы 19 қыркүйекте қайтыс болған науқастың туыстары Талғардағы орталық аудандық аурухананың жансақтау бөлімінің дәрігері мен мейіргерін сабап тастаған еді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: