Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде колледжде болған өрттен екі адам зардап шекті

өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2023 12:08 Сурет: pixabay
Ақтөбедегі колледжде өрт шығып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 22 қыркүйек күні сағат 18:28-де Есет батыр көшесіндегі гуманитарлық колледжде өрт шыққан.

Жертөледе кеңсе жабдықтары жанып жатқан. Оқиға орнында 52 өрт сөндіруші, 12 техника мен жедел жәрдем жұмыс істеді. Зардап шеккен білім мекемесінің екі қызметкері ауруханаға жеткізілді. Өрт сағат 18:40-та сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров зардап шеккендердің екеуі де жедел жәрдем ауруханасының травматология бөлімінде жатқанын айтты.


"Бір жұмысшының беті, мойны, екі қолы, екі тізе буыны термиялық жалынмен күйіп қалған, екіншісінің беті, екі аяқ-қолы, басы мен арқасы термиялық жалынмен күйіп, емделіп жатыр", - делінген хабарламада.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: