Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Қырғызстан тарапы су саласындағы тығыз өзара іс-қимыл туралы сөйлесті

Смайылов, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2023 14:30 Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
Таразда Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровтың қатысуымен қазақ-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 11-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шағын және кеңейтілген құрамда өткен келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

"Екі елдің Мемлекет басшыларының күш-жігерінің арқасында кейінгі жылдары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі жаңа серпінге ие болды. Республикалар арасында өзара тауар айналымы тұрақты түрде өсіп жатыр. 2022 жылы сауда көлемі шамамен 19%-ға ұлғайып, $1,3 млрд-қа жетті. Сонымен бірге биыл да оң динамика байқалып отыр. 7 айда тауар айналымы 13%-ға өсіп, $757 млн болды". Үкіметтің баспасөз қызметі

Сонымен қатар Премьер-министрдің айтуынша, транзит, көлік, коммуникация, туризм және басқа салаларда ынтымақтастық дамып келеді.

Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтерінің басшылары екі елдің мүдделерін ескере отырып, өзара құрмет пен тату көршілікке негізделген су саласындағы тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.

"Біздің халықтарымыздың өміріне тікелей әсер ететін экология және суды ұтымды пайдалану саласында ынтымақтастықты дамыту аса маңызды болып табылады. Су ресурстарын әділ және ашық басқаруды қамтамасыз ету мақсатында бізге мемлекетаралық су шаруашылығы каналдарын цифрландыру арқылы тиімді мониторинг жүргізу тетігі қажет. Гидрологиялық ақпарат алмасуды, атап айтқанда, су қоймаларына келетін ағын су және бассейн бойынша су алу жөнінде ақпараттармен қамтамасыз ету маңызды". Әлихан Смайылов

Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров екі мемлекет басшыларының жуырдағы өзара сапарлары барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалғанын еске салды. Келіссөз қорытындысында тараптар ынтымақтастықтың барлық өзара тиімді бағыттары бойынша белсенді іс-қимылды қолдауға дайын екендерін растады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: