Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтау халықаралық әуежайы бір ай бойына күндіз жұмыс істемейді

Ақтау әуежайы, бір ай, жұмыс кестесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2023 15:56 Сурет: primeminister.kz
23 қыркүйектен 23 қазанға дейін Ақтаудағы әуежай таңертеңгі және кешкі рейстерді қабылдап алу-жөнелту кезінде ғана жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай жағдай 2023 жылдың 23 қыркүйегі мен 23 қазаны аралығында (күн сайын жергілікті уақыт бойынша 09:00-ден 21:00-ге дейін) жүзеге асырылатын ұшу-қону жолағындағы жөндеу жұмыстарына байланысты орын алып отыр, деп жазады InAktau.

"Жол төсемдері бетіне жүргізілетін ағымдағы жөндеу жұмыстары ұшу, ұшақтар мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қолға алынып отыр. Жөндеу жұмыстары кезеңінде рейстер уақыты таңертең және кешкіге ауыстырылады, әуе компаниялар өкілдерінен ақпаратты алдын ала нақтылап алу ұсынылады", делінген хабарламада.

Әуежай әкімшілігі жолаушылардан бұл жайтқа түсіністікпен қарауды сұрайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: