Жаңалықтар тізбегі
0

25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды

Ауа райы болжамы, 25 қыркүйек, Қазгидромет, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2023 17:12 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК Қазақстан бойынша 25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, республикамыздың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз  болады.

"Антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Республикамыз бойынша түнде және таңертең тұман түседі,  оңтүстік, шығыс өңірлерде екпінді жел тұрады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында түнде сынап бағаны 1-3 градусқа дейін төмендейді, түнде Ақмола облысының шығысында топырақ беті қатып,  1 градус суық болады, үсік жүреді деп күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Түркістан облысының шөлді аудандарында өрт қаупі жоғары.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: