Жаңалықтар тізбегі
0

Діни дәстүршілдік, гуманистік рационализм: Şam театры екінші маусымын "Иран конференциясы" спектаклімен ашады

қойылым, театр, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2023 16:50 Сурет: Şam театры
2023 жылдың 24, 25 қыркүйек күндері Şam театры екінші маусымын "Иран конференциясы" спектаклімен ашады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Театр көрермен назарына Самал Еслямова, Еркебұлан Дайыров, Асан Мәжит, Зарина Кармен, Сағызбай Қарабалин, Ерлан Біләл және басқа да танымал өнер қайраткерлері қатысатын адамзаттың заманауи мәселелеріне түрлі көзқарасты көтеретін философиялық мәндегі көркемдік дәрежесі жоғары, салмақты қойылымын ұсынбақ.

"Біз бұл конференцияда мынау әлемді осындай қиын жағдайға душар еткен, шешімін табу күннен күнге күрделеніп бара жатқан конфликтілердің себебі мен салдары жайлы айтамыз. Конференция — әлемге деген, адамға деген бір-біріне қарама-қарсы екі түрлі түсініктің қақтығысы туралы. Ол екі әлемді "батыс" пен "шығыс" деп бөлгім келмейді, өйткені біз қазір олай қарай алмаймыз. Бүгінгі таңда батыс әлемінде де, шығыс әлемінде де әртүрлі елдер бар. Бір-біріне мүлдем ұқсамайтын неше түрлі саяси және діни структуралар қалыптасып кеткен, сондықтан әлемді батыс пен шығыс деп бөлу мүмкін емес. Біз бұл қақтығысты ең әуелгі екі түсініктен тарқатар едік: бірі "діни дәстүршілдік", екіншісі "гуманистік рационализм". Şam театры

Şam театры – спектакльдері қазақ тілінде қойылатын еліміздегі тәуелсіз шығармашылық ұжым. Театрдың негізін қалаушылары – өнер қайраткерлері Еркебұлан Дайыров пен Асан Мәжит.

Былтырғы күзде қазақстандық алдыңғы қатарлы актерлердің қатысуымен өткен №37 премьерасымен Şam театры тұсауын кескен еді. Бір жыл ішінде 14 мыңнан астам көрермен тамашалаған бұл спектакльдің көрсетілімі республикамыздың 10 қаласында аншлагпен өткен.

Театрыдың тырнақалды туындысының режиссері әрі көркемдік жетекшісі Фархад Молдағали – әлемдік деңгейдегі А.П.Чехов атындағы халықаралық театр фестиваліне шақыру алған алғашқы қазақстандық режиссер, ТҮРКСОЙ ұйымы тағайындаған "Түркі әлемінің ең үздік режиссері", "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы, Umai ұлттық сыйлығының иегері.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: