Жаңалықтар тізбегі
0

Балқаш полицейлері 5-қабаттан секірмек болған қызды құтқарып қалды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2023 11:21 Сурет: ҚР ІІМ
23 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында Балқаш қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне белгісіз бір қыз бала көпқабатты үйдің 5-қабатынан секірмек болып тұр деген хабарлама түскен.


"Мен әріптесім Танат Берікұлымен ақпарат алған уақытта өзімізге бекітілген аумақта қызметте болғанбыз. Оқиға орнына келгенімізде ақпараттың рас екеніне көз жетті. 5-қабатта қыз бала айқайлап отырды. Бізге жедел шешім қабылдап, әрекет жасау керек болды. Танат екеуміз үйдің дәлізі арқылы шатырға көтерілдік. Қыз бала бізді көрген жоқ. Артынан ақырын барып, оны шатырдың жиегінен алып кеттік. Осыдан кейін ол азаматшаны оқиға орнына келген жедел-тергеу тобына беріп, жұмыс атқаруға кеттік", – деді Балқаш қалалық полиция бөлімі патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы Ұлан Несіпбаев.

Полицейлер құтқарып қалған қыз балаға дәрігерлер психологиялық көмек көрсетті. Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында оның жеке басының мәселесі бойынша осындай әрекетке барғаны анықталды. Полицейлердің жедел әрекеттерінің арқасында азаматшаның өмірі аман қалды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: