Қазақстанда енді ерлі-зайыптылардың нотариалды келісімін бейнеқоңырау арқылы алуға болады

Қазақстан, нотариалды келісім, нотариус, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2023 11:57 Сурет: unsplash
Енді ерлі-зайыптылардың нотариалды келісімін бейнеқоңырау арқылы алуға болады. 25 қыркүйектен бастап бұл қызмет eGov Mobile платформасында қолжетімді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтың айтуынша, бұл нотариалды келісім алу процесін айтарлықтай жеңілдетеді.

"Азаматтар нотариусқа бармай-ақ қажетті келісімді тез әрі ыңғайлы түрде ала алады. Бұл процесс биометриялық сәйкестендірудің озық технологияларын пайдалана отырып, деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етеді", – деді ол.

Оның сөзінше, онлайн форматтың артықшылығы – уақыт пен нотариусқа баруға кететін шығындарды үнемдеу, сондай-ақ кез келген ыңғайлы уақытта алу мүмкіндігі тумақ.

Қызметті алу үшін:

  • eGov Mobile платформасына кіру;
  • өтініш формасын толтыру және биометриялық тексеруден өту;
  • бейнеқоңырау арқылы келісімді рәсімдеу;
  • нотариус қызметіне ақы төлеу;

Нәтижесінде құжат "Цифрлық құжаттар" қызметінде қолжетімді болады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: