Қазақстандықтар енді жылжымайтын мүлік техпаспортын eGov Mobile арқылы рәсімдей алады
Фото: gov4c.kz
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ қазақстандықтар үшін жағымды жаңалықпен бөлісті. Енді жылжымайтын мүлікке арналған техникалық паспортты eGov Mobile қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамандардың айтуынша, бұған дейін eGov.kz порталында жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт беру бойынша мемлекеттік қызмет жаңартылған болатын.
Енді бұл қызметті пайдаланушылар eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы да ала алады.
eGov Mobile арқылы қызметті алу жөніндегі толық нұсқаулық арнайы бейнероликте көрсетілген.
eGov.kz порталы арқылы қызмет алу үшін:
- Басты беттен "Азаматтарға" → "Жылжымайтын мүлік" бөліміне өтіңіз;
- "Тұрғын үй қатынастары" бөлімін және "Жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт беру" қызметін таңдаңыз;
- Қажетті деректің барлығын толтырыңыз;
- Өтінімге қол қойып, нәтижесін жеке кабинеттен алыңыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript