Қазақстандықтарға жылжымайтын мүлік туралы маңызды анықтаманы қалай алуға болатыны түсіндірілді

ЦОН, центры обслуживания населения, egov, егов, цифровые документы, ЭЦП, электронная цифровая подпись, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2026 16:59 Фото: gov4c.kz
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мамандары бүгін, 2026 жылғы 11 қыркүйекте қазақстандықтарға жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтардың, соның ішінде кепіл мен тыйымның бар-жоғы туралы Ф-2 анықтамасын eGov.kz порталы және eGov Mobile қосымшасы арқылы қалай алуға болатынын түсіндірді.

Мамандар қажетті әрекеттер алгоритмін әзірлеп, түсіндірме бейнеролик жариялады.

Ф-2 анықтамасын eGov Mobile қосымшасы арқылы алу үшін:

  • Қосымшаға кіріп, "Мемлекеттік қызметтер" – "Жылжымайтын мүлік және ТКШ" бөлімін таңдаңыз.
  • "Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер беру (2-нысан)" қызметін таңдаңыз.
  • Қызметті кім үшін алатыныңызды көрсетіңіз.
  • Қажетті жолдарды толтырыңыз.
  • Өтінімге қолжетімді тәсілдердің бірімен қол қойыңыз.
  • Қызмет нәтижесін жеке кабинеттен көріңіз.

Қазақстандағы Ф-2 анықтамасы – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар, ауыртпалықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер қамтылған ресми құжат.

Бұл анықтама тұрғын үйдің кепілде немесе тыйымда тұрғанын, сондай-ақ оған қатысты басқа да заңдық шектеулердің бар-жоғын көрсетеді.

Бұған дейін Қазақстан тұрғындарына жеке кәсібін ашқысы келіп, неден бастарын білмеген жағдайда не істеу керектігі түсіндірілген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: