Алдағы үш күнде Қазақстанда тұрақсыз ауа райы болады

Алдағы үш күнде Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2023 12:52 Сурет: pxhere
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 26-28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, таяу күндері республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында солтүстік циклонның екпінімен тұрақсыз ауа райы сақталады. Синоптиктердің болжауынша, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады.

Болжам бойынша, тек Қазақстанның батысында солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

"Түнде және таңертең республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда тұман күтіледі. "Қазгидромет" РМК

Синоптиктердің хабарлауынша, еліміздің шығысында түнде 1-3 градусқа дейін аяз сақталады. Температура жағдайында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: