Жаңалықтар тізбегі
0

"Көрпе Fest" байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Көрпе Fest» байқауының жеңімпаздары марапатталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2023 16:50 Сурет: Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін Таразда туризм және қолөнершілер орталығында Қала күніне орай ұйымдастырылған "Көрпе Fest" байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, қалалық мәслихаттың төрағасы Кенжебек Олжабай, Қоғамдық кеңестің төрағасы Сембек Сейдәзімов қатысты.

Әуелі шара қонақтары көрмені аралап, қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалады. Бұдан кейін шаһар басшысы сөз алып, ізгі лебізін жолдады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2023 16:50

Сурет: Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бұл шара мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық ою-өрнектерімізді кеңінен насихаттап, өскелең ұрпақтың бойына сіңіріп, жастарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Қазақ халқының көрпе тігу өнері – бағзыдан жеткен ұлттық өнерлеріміздің ішіндегі ең асылы. Себебі, сан ғасырлық тарихымен біте қайнасқан бұл өнер түрі халықтың шынайы рухани танымымен астасып жатыр.
, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2023 16:50

Сурет: Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгінгі байқауға қатысушыларымыздың қазіргі жаһандану дәуірінде ұмытылып бара жатқан қазақы ою-өрнегімізді заманауи үлгіде жаңғыртып, алдағы уақытта ұлттық құндылығымызды насихаттауға өз үлестерін қосатынына сенімдімін, – деген Бақытжан Әмірбекұлы байқау жеңімпаздарына марапаттарын табыстады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2023 16:50

Сурет: Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шеберлер сайысының қорытындысы бойынша 3-орынды №15 гимназиясының оқушысы Жамиля Мұхаметілда, 2-орынды "Күнім-ай" бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Бибігүл Жылгелді, 1-орынды жеке кәсіпкер Нұрсұлу Қамзабек еншілеп, қаржылай сыйлықтарға қол жеткізді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2023 16:50

Сурет: Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Келесі кезекте "Шебер Шаңырақ" қоғамдық бірлестігінің төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты, қазылар алқасының мүшесі Анар Бексұлтанова сөз сөйлеп, аталған шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін қала әкімдігіне алғысын жеткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: