Қазақстанның алты қаласында ауа жоғары деңгейде ластанады

Қазақстанның алты қаласында ауа жоғары деңгейде ластанады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2023 10:09 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер сәрсенбі, 27 қыркүйекте Алматыда және Қазақстанның бес қаласында ауада зиян заттардың мөлшері жоғары болуы мүмкін деп болжап отыр.

Мамандардың айтуынша, Алматы, Павлодар, Өскемен, Риддер, Атырау және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады.

Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфера ауасының беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ болған кезде елді мекендердегі атмосфера ауасының сапасы нашарлайды.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғал, ауа температурасы).

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: