Батыс Қазақстанда ауа жоғары деңгейде ластанады деп болжанды

Батыс Қазақстанда ауа жоғары деңгейде ластанады деп болжанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2023 09:17 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер сәрсенбі, 13 қыркүйекте Ақтөбеде ауада ластаушы заттардың деңгейі жоғарылайды деп болжап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың айтуынша, Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтарын қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіп тұр. Бүгін қалада ауадағы зиян қоспалардың деңгейі көтеріледі.

Қолайсыз ауа-райы жағдайы (ҚАЖ) – атмосфера ауасының беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ пайда болған кезде елді мекендердегі атмосфера ауасының сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғал, ауа температурасы).

Бір күн бұрын "Қазгидромет" мамандары сәрсенбі күні Астанада және еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: