Жаңалықтар тізбегі
0

Батыс Қазақстанда ауа жоғары деңгейде ластанады

Батыс Қазақстанда ауа жоғары деңгейде ластанады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2023 09:42 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Дүйсенбі, 4 қыркүйек күні батыстағы екі қалада ауада зиян қоспалар деңгейі жоғары болады деп болжады "Қазгидромет" мамандары.

Синоптиктер дүйсенбі күні Атырау мен Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) болады деп мәлімдеді.

Қолайсыз ауа-райы жағдайы (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфера ауасының сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғал, ауа температурасы).

Қолайсыз ауа-райында мына әрекеттер ұсынылады:

  • ашық ауада, әсіресе тас жолдардың немесе басқа ластаушы көздердің жанында уақыт өткізуді қысқарту;
  • балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден аулақ болуы керек;
  • созылмалы өкпе ауруы, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар көшеде өзімен бірге дәрі-дәрмегін алып жүруі керек;
  • ашық ауадағы физикалық белсендікті шектеңіз. Дене шынықтыру мен спорт жабық спорт кешендерінде жүргізілуі керек.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: