ҰҚК Батыс Қазақстанда діни радикалды ұстады

2023 жылғы 27 қыркүйекте ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады., сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2023 17:21 Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
2023 жылғы 27 қыркүйекте ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады.


"Ол әлеуметтік желілерде халықаралық террористік ұйымдардың үгіт-насихат материалдарын таратты деп күдіктелуде." ҰҚК баспасөз қызметі

Ұсталған адам бұрын террористік әрекеті үшін сотталған болатын.

Тергеу іс-қимылдары барысында оның тұрғылықты жері бойынша діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Аталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: