Қарағандылықтар жылу электр орталығындағы апат салдарынан жарықсыз қалды
Сурет: unsplash
Қарағандыда бүгін, 2023 жылдың 28 қыркүйегінде жылу электр орталығында апат болды. Соның салдарынан бүкіл қала жарықсыз қалды. Бұл туралы Zakon.kz сайтына жергілікті тұрғындар айтты.
"Қарағанды, жалпы бүкіл қала жарықсыз қалды. Әкімдіктегілер оның себебін білмейміз дейді. Жарыққа телефон соғып жету мүмкін емес. Жұрт қаланы қамтамасыз ететін ЖЭО-да ауыр апат болды деп отыр", - дейді редакциямызға хабарласқан Қарағанды қаласының тұрғыны.
Zakon.kz тілшісі түсініктеме алу үшін облыс әкімдігіне хабарласты.
"3-ЖЭО-да қорғанысты іске қосу түріндегі технологиялық бұзушылық орын алды, соның салдарынан 220 кВ сыртқы тарату құрылғысы сөндірілді. Себептері мен мән-жайы анықталуда". Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ басқармада электр қуатымен қамтамасыз етілмеген абоненттер саны нақтыланып жатқанын атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript