Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысында жүргізуші полицейді пышақпен қорқытқан

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2023 16:30 Сурет: ҚР ІІМ
Қызылорда облысында полицейлерді пышақпен қорқытып, нысанды киімін жыртып, қарсылық көрсеткен ауыл тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде оларды қорлау, бағынбау және күш қолданумен байланысты құқық бұзушылықтар тіркеліп жатыр.

26 қыркүйек күні Жалағаш аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында аймақ аралау барысында жол қозғалысы ережесін бұзған көлікті тоқтатқан.

Полиция қызметкерлері заң шеңберінде УАЗ көлігінің жүргізушісіне құжаттарын ұсынуын сұраған уақытта жүргізуші балағат сөздер айтып, заңды талабына бағынбаған.

Пышақпен қорқытып, нысанды киімін жыртқан. Қарсылық көрсеткен азамат Жалағаш ауданының 32 жастағы тұрғыны болып шықты.

Автокөлік айып алаңына қойылды. Осы жайт бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Күдікті полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Егерде күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол екі мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

"Осы орайда барлық азаматты тәртіп пен заңдылықты сақтауға және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынуға шақыра отырып, қызметтік міндеттерін атқарып жүрген билік өкіліне қарсылық көрсеткендер үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ескертеміз", – деді Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: