Астанада 15 оқушылар сарайы салынады

Астана, Оқушылар сарайы, бала, оқушы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2023 16:43 Сурет: gov.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында елордада 2029 жылға дейін 15 Оқушылар сарайы салынады деп жоспарланған.

Алдағы екі жылда 5 заманауи мектеп сарайы пайдалануға беріледі. Бұл туралы Астана коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Есет Бәйкен мәлім етті.

Елордадағы балалардың 79,9 пайызы қосымша біліммен қамтылған, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға артқан.

2029 жылға дейін барлық оқушыларды қосымша біліммен қамтамасыз ету үшін Астанада 15 Оқушылар сарайын салу жоспарланғае, оның бесеуі алдағы екі жылда салынбақ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: