БҚО-да медициналық пойыз тұрғындарға көмек көрсетуде
Еліміздің алыс-жақын аудан-ауылдарын аралайтын "Саламатты Қазақстан" Президенттік пойызы 22 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысына табан тіреді. Содан бері Батыс Қазақстан өңірінің аудан-ауылдарын аралап, тұрғындарға сапалы, әрі жедел көмек көрсетуде.
Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Осы жылдың 26 сәуірінен бастап ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен Самрук-Қазына және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп "Саламатты Қазақстан" ауқымды әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен пойыз жұмысына кәсіби медиаторлар мен заңгерлер қосылды.
Бәйтеректіктер бұл жерде тек денсаулығын тексертіп қана қоймай, заң тұрғысынан және құқықтық, психологиялық кеңес ала алады. Ауыл тұрғындары мамандарды теміржол бекетінен салтанатты түрде қарсылап алды. Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов маңызды жобаны жүзеге асырып жатқан ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясына, "Самұрық- Қазына" АҚ-ға және Денсаулық сақтау министрлігіне бәйтеректіктер атынан ризашылығын білдірді. ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия өкілі Әлия Борашеваның берген мәліметі бойынша ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен жобаға кәсіби және тәжірибелі медиаторлар, заңгерлер тартылған. Аталмыш мамандар дәрігерлермен бірге мемлекеттік және жалдамалы тұрғын үй алу, мүлікті сатып алу-сату шартын тіркеу, алимент, кредитке қатысты және тағы сұрақтар бойынша тұрғындарға тегін кеңес береді.
Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызының бас дәрігері Айнұр Егінбаева халықтың сақтандыруы бар-жоғына қарамастан, бәріне тегін көмек көрсетілетінін және әр аудан-ауылда денсаулығын тексертуге келген тұрғындардың қарасы көп екендігін атап өтті.
Біз ауыр нақастардың үйлеріне де барып қараймыз. Медициналық тексеруден өткен науқастарда ауыр диагноз байқалса, пациенттерді әрі қарай бақылауға алу үшін жергілікті дәрігерлерге мәліметтерін жібереміз, – дейді "Саламатты Қазақстан" медициналық пойызының бас дәрігері.
Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Пойыз тұрғындарға сапалы әрі жедел диагностика жасауға мүмкіндік беретін заманауи медициналық құралдармен жабдықталған. Дәрігерлер жалпы және биохимиялық анализдер, рентгенография мен флюрографияны, ішкі ағзалар мен тамырларды УДЗ-зерттеулерін, электрокардиограмманы, және диагностикалық зерттеулердің басқа да түрлерін жасайды. Жұмыс тобының құрамында офтальмолог, отоларинголог, невропатолог, хирург, акушер-гинеколог, кардиолог, стоматолог, жалпы тәжірибе дәрігері, педиатр және т.б. сияқты бейінді мамандардың барлығы бар. 15 кәсіби медиатор мен 15 заңгер халыққа тегін кеңес беруде. Медициналық пойыздағы медиаторлар мен заңгерлер арқылы бүгінге дейін 5 мыңнан астам азаматқа тегін медиативтік және құқықтық көмек көрсетілген. Оның ішінде 3 мыңнан астам азаматқа құқықтық кеңес, 1 мыңнан астам медиативтік консультациялар берілді. Соның нәтижесінде 200 –ден астам тұрғындар медиациялық келісімге қол қойған.
Медициналық пойыз Батыс Қазақстан облысында 6 қазанға дейін болып, осы уақыт аралығында Достық ауылынан басқа, Тасқала, Деркөл, Переметное, Белес, Жайық, Алғабас, Амангелді стансаларының тұрғындарын қабылдайды деп күтілуде.