Siemens Energy Қазақстанның электр желілерін жаңғыртуға қатысты жоба әзірлеп жатыр

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2023 22:32 Сурет: akorda
Қасым-Жомарт Тоқаев Siemens Energy компаниясының басқарма төрағасы Кристиан Брухпен кездесті. Кездесуде энергетика секторындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективасы талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы аталған секторды экономиканың іргетасы ретінде бағалап, Қазақстан энергетиканың қауіпсіздігі мен тәуелсіздігіне қатысты мәселелермен белсенді айналысатынын айтты.

Сонымен қатар кездесу барысында Қазақстанның Энергетика министрлігі мен Siemens Energy компаниясы арасында қол қойылған Энергетика саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумның маңыздылығы атап өтілді. Бұл құжат компанияның еліміздегі энергетика және декарбонизация салаларындағы ірі энергетикалық жобаларды жүзеге асыруға қатысу мүмкіндігін көздейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда газтурбиналы электростанциялар салу ынтымақтастықтың маңызды бағыты екеніне назар аударды.

Компания электр қуатын өндіретін жобаларға (Түркістан бу-газ қондырғысы, Алматы жылу электр орталығы) құрал-жабдық жеткізуге дайын.

Сонымен қатар Кристиан Брух Мемлекет басшысына Siemens Energy компаниясы Қазақстанның электр желілерін жаңғыртуға қатысты жоба әзірлеп, оны жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: