Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда 1 қазанда қандай көшелер ішінара жабылады

Жолдың жабылуы, 1 қазан, Алматы марафоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2023 11:04 Сурет: Zakon.kz
Алматыда 1 қазанда марафон өтуіне байланысты сағат 7-00-ден 13-30 аралығында бірқатар көше ішінара жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшылар қашықтықты басып өтуіне қарай трассалар ашылып отыратын болады.

Марафонның сөресі мен мәресі Республика алаңында орналасады, сондықтан Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі Сәтбаев көшесінің бойындағы екі жолақ 30 қыркүйекте сағат 6:00-ден 1 қазанда сағат 18:00-ге дейін жабылады.


Алматы марафоны, схема, жолдардың жабылуы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2023 11:04

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі




1 қазанда мына көшелер жабық болады:

  • Сәтбаев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі Назарбаев даңғылының бойындағы қозғалыс 7:00-ден 10:40-қа дейін толығымен жабылады.

Балама жол Достық даңғылының екі бағытымен өтеді.

  • Назарбев даңғылынан Достық даңғылына дейінгі Әл-Фараби даңғылының бойындағы шығыс бағытындағы қозғалыс іс-шара өтетін күні 7:00-ден 8:45-ке дейін толығымен жабылады.

Балама жол Горный гигант ықшам ауданы арқылы өтеді.

  • Назарбаев даңғылынан Шашкин көшесіне дейінгі Әл-Фараби даңғылының бойындағы батыс бағытындағы қозғалыс 7:00-ден 11:10-ға дейін ішінара жабылады, көшенің оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Шығыс бағытындағы балама жол Абай даңғылымен өтеді.

  • Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейінгі Әл-Фараби даңғылы бойындағы батыс бағытындағы қозғалыс 7:00-ден 13:30-ға дейін ішінара жабылады, даңғылдың оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Шығыс бағытындағы балама жол Абай даңғылымен өтеді.

  • Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі Саин көшесінің бойындағы солтүстік бағытындағы қозғалыс 7:00-ден 13:00-ге дейін жабылады, көшенің батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Солтүстік бағытындағы балама жол Бауыржан Момышұлы көшесімен өтеді.

  • Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі Абай даңғылының бойындағы шығыс бағытындағы қозғалыс 7:00-ден 13:30-ға дейін жабылады, даңғылдың солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Шығыс бағытындағы балама жол Әл-Фараби даңғылының, Төлеби, Құрманғазы, Қабанбай батыр көшелерінің бойымен өтуі мүмкін.

  • Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейінгі Байтұрсынов көшесінің бойындағы қозғалыс 7:00-ден 14:00-ге дейін толығымен жабылады.

Балама жол Байзақов көшесімен өтеді.

  • Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі Сәтбаев көшесінің бойындағы шығыс бағытындағы қозғалыс 7:00-ден 13:30-ға дейін толығымен жабылады.

Батыс бағытындағы балама жол Абай даңғылымен, шығыс бағытындағы балама жол Құрманғазы көшесімен өтеді.

  • Байзақов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі Сәтбаев көшесінің бойындағы қозғалыс 7:00-ден 10:35-ке дейін толығымен жабылады.

Батыс бағытындағы балама жол Абай даңғылымен, шығыс бағытындағы балама жол Құрманғазы көшесімен өтеді.

  • Әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі Шашкин көшесінің бойындағы қозғалыс 7:00-ден 10:35-ке дейін толығымен жабылады.

Балама жол Марков көшесімен өтеді.

  • Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі Тимирязев көшесінің бойындағы қозғалыс 7:00-ден 10:35-ке дейін толығымен жабылады.

Батыс бағытындағы балама жол Абай даңғылымен, шығыс бағытындағы балама жол Әл-Фараби даңғылымен өтеді.

  • Тимирязев көшесінен Сәтпаев көшесіне дейінгі Байзақов көшесінің бойындағы қозғалыс сағат 7:00-ден 10:35-ке дейін толығымен жабылады.

Солтүстік бағытындағы балама жол Әуезов көшесімен, оңтүстік бағытындағы балама жол Манас көшесімен өтеді.

Республика алаңына автокөлікпен жету үшін ұсынылатын бағыттар:

  • Желтоқсан көшесімен оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін;
  • Сәтбаев көшесімен батысқа қарай Назарбаев көшесіне дейін;
  • Назарбаев даңғылынан оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін;
  • Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағымен Нұрлы тауға дейін және Республика алаңына дейін жаяу жету;
  • Абай даңғылынан батысқа қарай Желтоқсан көшесіне дейін;
  • Шевченко және Құрманғазы көшелерімен Желтоқсан көшесіне дейін;
  • "Абай" метро станциясына дейін.

 Жолдардың жабылуын ескере отырып, сөреге 2ГИС қосымшасы арқылы оңтайлы бағыт бағдарын құрып жетуге болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: