Алматыда 8-13 шілде аралығында қандай көшелер ішінара жабылады
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Алматыда жоспарға сай жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты бірнеше көше ішінара жабылып, бұл учаскелерде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоспарлы орташа жөндеу жұмыстарына байланысты (қолайлы ауа райы жағдайында) қаладағы көшелердің мына учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі:
- 8 шілде сағат 23:00-ден 10 шілде сағат 06:00-ге дейін: Абай даңғылы бойымен Тілендиев көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін шығыс бағытта, Тілендиев көшесі бойымен Сәтбаев көшесінен солтүстік бағытта көлік қозғалысы толығымен шектеледі. Айналма жол Өтеген батыр көшесі, Сәтбаев көшесі және Төле би даңғылының бойымен жүзеге асырылады.
- 9 шілдеде сағат 21:00-ден 11 шілде 06:00-ге дейін: Абай даңғылы бойымен Назарбаев даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейін батыс бағытта көлік қозғалысы толығымен шектеледі. Айналма жол Құрманғазы көшесі, Сәтбаев көшесі, Назарбаев даңғылы және Сейфуллин даңғылының бойымен жүзеге асырылады.
- 10 шілдеде сағат 22.00-ден 13 шілде 06:00-ге дейін күндіз және түнде Әл-Фараби даңғылының бойымен Жароков көшесінен Ж.Үшкемпіров көшесіне дейін шығыс бағытта қозғалыс толығымен шектеледі. Айналма жол Жароков, Тимирязев, Сейфуллин, Исиналиев және Восточная көшелері бойынша жүзеге асырылады.
Алматы қалалық полиция департаменті көлік кептелісі мен апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында қала тұрғындары мен қонақтарына жол жүру бағытын алдын ала реттеп, жолда жүру ережелерінің талаптарын қатаң сақтауды сұрайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript