Астанада 10-15 маусым аралығында қандай көшелер жабылады
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Астанада бірнеше көше қиылыстарында бүлінген асфальт жабындысын ауыстыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік құралдарының қозғалысы уақытша тыйылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елорда әкімдігі атап өткендей, шектеулер мына көшелерде белгілі бір уақыттарда қолданылады:
- Ж. Нәжімеденов көшесі/Қ. Қуанышбаев көшесі – 10 маусым, сағат 21:00-ден 11 маусым, сағат 07:00-ге дейін;
- Ж. Нәжімеденов көшесі/Қ. Аманжолов көшесі – 12 маусым, сағат 21:00-ден 13 маусым, сағат 07:00-ге дейін;
- Ж. Нәжімеденов көшесі/С. Нұрмағамбетов көшесі – 13 маусым, сағат 21:00-ден 14 маусым, сағат 07:00-ге дейін;
- С. Нұрмағамбетов көшесі/А. Байтұрсынов көшесі – 14 маусым, сағат 21:00-ден 15 маусым, сағат 07:00-ге дейін.
"Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлау кезінде аталған ақпаратты ескерген жөн", - дейді қала билігі.
Бұған дейін Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектелетінін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
