Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысында анасымен жанжалдасқан мас тұрғын жауапқа тартылды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2023 12:20 Сурет: ҚР ІІМ
Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның тәртібіне ерекше талаптар белгілеуі мүмкін.


"Құқық бұзушының тәртібіне ерекше талаптар қою әкімшілік-құқықтық ықпал ету шарасы және әкімшілік жаза қолданумен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды әкімшілік жауаптылықтан босату кезінде де қолданылады", – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өзіне қатысты ерекше талаптар белгіленген адамға: жәбірленушінің еркіне қарамастан, кәмелетке толмағандарды және оның отбасының әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, өзге де тәсілдермен іздестіруге, қудалауға, баруға, ауызша, телефон арқылы келіссөздер жүргізуге және онымен байланысқа түсуге; атыс қаруын және басқа да қару түрлерін сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға; психоактивті заттарды медициналық емес пайдалануға тыйым салынуы мүмкін.

Құқық бұзушының тәртібіне қойылатын ерекше талаптардың қолданылу мерзімі ішінде оған профилактикалық әңгімелесу үшін ІІО-ға келу міндеттері жүктелуі мүмкін. Өзіне қатысты ерекше талаптар белгіленген адамды ішкі істер органдары профилактикалық есепке қояды және оған профилактикалық бақылау жүзеге асырылады.

Мысалы, осы күндері сағат 18:00 шамасында Шарбақты ауданының 53 жастағы тұрғыны мас күйінде үйде отырып, анасымен жанжал шығарды, оның атына балағат сөздер айтты, осылайша оның тыныштығын бұзды. Анасы ұлының ерсі қылықтарына шыдай алмай, полицияға хабарлаған.

"Учаскелік полиция инспекторы шақыруға келгеннен кейін құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша әкімшілік материал толтырылды. Сот отбасылық дебоширге қатысты 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды. Сондай-ақ, оның тәртібіне 3 ай мерзімге, спирттік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салу түрінде, ерекше талаптардың қолданылу мерзімі ішінде профилактикалық әңгімелесу үшін учаскелік полиция пунктіне келу міндетін жүктей отырып, ерекше талаптар белгіленді", – деп атап өтті полиция.

Бұл талаптар қайта құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында белгіленген. Полицейлер Павлодар полицейлерінің сот шешімімен осы жылы 569 бұзушының тәртібіне ерекше талаптар белгіленгенін, оның ішінде 530-ы спирттік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салу түрінде белгіленгенін атап өтті.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: