Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында ата-анасы қан құйғызудан бас тартқан баласынан айырылды

науқас, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2023 01:55 Сурет: pxhere
Ақмола облыстық балалар ауруханасында ата-анасы науқас сәбиіне қан құйғызудан бас тартқан. Екі жасқа толмаған бөбек қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
"Жағдайы күннен-күнге нашарлап, балаға қан компоненттерін құю керек болды. Бірақ әке-шешесі өздерінің дін мәселесі бойынша түбегейлі қарсы болды. Олар "Свидетели Йегова" жетегінде жүрген кісілерміз, біздің дін бойынша қан компоненттерін құю өмірді құюмен тең" деді. Ақмола облысы балалар ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Маржан Махашева

Щучье қаласынан санавиацииямен жеткізілген кішкентай науқастың онсыз да халі ауыр болған. Екі өкпесі қабынып, арнайы аппараттан тыныстап комада жатқан. Дәрігерлер жанталасып сәбидің өмірін сақтап қалуға кіріскен сәтте, қан компоненттерін құю қажет болыпты. Осы кезде ата-анасы балаға қан құюға рұқсат бермегенімен қоймай, альтернатив ем шараларды ұсынған.

Өмір мен өлімнің арасында жатқан пациентіне қалай көмектесерін білмеген дәрігерлер өкілетті мекеме қызметкерлерінен комиссия құрып, баланың әке-шешесіне түсіндіру жұмысын жүргізіп, рұқсатаған, бірақ екеуі рұқсат бермеген. 

"Бір жас сегіз айлық сәби облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімшесінде қайтыс болды. Қазір аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тексеру жұмыстары басталды". Ақмола облысы полиция департаментінің баспаөз қызметінің ресми өкілі Әсем Әбдірахманова
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: