Ақтөбеде 20 кәсіпкердің шоттары заңсыз бұғатталған

Ақтөбеде прокурорлар кәсіпкерлер алдындағы кедергілерді жойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2023 11:15 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысының прокуратурасы талдау нәтижеcі бойынша Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен ағымдағы жылы камералдық бақылау нәтижелері бойынша 20 кәсіпкерлік субъектісіне хабарламалар қойып, олар шоттарын бұғаттауға әкеп соққанын анықтады.

Тиісінше олар кәсіпкерлердің қызметіне кері әсерін тигізді. Қойылған хабарламалардың заңдылығын зерделеумен прокуратура оларды негізсіз деп танып, қадағалау актісін енгізді.

Нәтижесінде салық органының шешімдері жойылып, кінәлі тұлғалар жауаптылыққа тартылды, ал кәсіпкерлер өз қызметіне қайта кірісті.

Осылайша, прокуратура кәсіпкерлер алдындағы кедергілерді жойды.

Салық органының басқа да актілерінің заңдылығын тексеру жалғасуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: