Жаңбыр, найзаған, ыстық: синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент бойынша күн райы болжамын жариялады
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алдағы үш күнде – 2023 жылдың 5-7 қазаны аралығында Астана, Алматы және Шымкентте күн райы қалай құбылады? Синоптиктер Zakon.kz сайтына ауа райы болжамын ұсынды.
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, елордада күн жауын-шашынсыз болады, еліміздің қалған екі мегаполисінде жаңбыр жауып, күн күркірейді.
Астанада:
5 қазан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 1-6 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +2+4°С, топырақ бетінде -1°С үсік жүреді, күндіз +17+19°С;
6 қазан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 3-8 м/с болады. Ауа температурасы түнде +2+4°С, топырақ бетінде -1°С үсік жүреді, күндіз +18+20°С;
7 қазан – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +16+18°С.
Алматыда:
5 қазан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +22+24°С;
6 қазан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +23+25°С;
7 қазан – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Шығыстан соғатын желдің екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +18+20°С.
Шымкентте:
5 қазан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +25+27°С;
6 қазан – көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын желдің екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +20+22°С;
7 қазан – көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +20+22°С.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript