Жаңалықтар тізбегі
0

"Дүкенде бомба". Ер адам ішімдікті қарызға бермеген сатушыдан кек алмақ болған

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2023 01:16 Сурет: polisia.kz
Алматы облысының полиция қызметкерлері жалған террористі ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

4 қазан күні түскі уақытта Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаментіне белгісіз ер адам қоңырау шалып, Қарасай ауданы Абай ауылындағы дүкендердің бірінде жарылғыш құрылғы орнатылғанын хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Алматы облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 35 жастағы тұрғынды анықтап, ұстады.

Ұсталған адамның айтуынша, ол дүкеннен қарызға ішімдік сұраған, өтінішін орындаудан бас тартқан сатушыға ызаланып, 112 нөміріне қоңырау шалып, дүкенде бомба бар екенін хабарлаған.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 273-бабы "Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау" бойынша тіркелді. Баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: