Талдықорған тұрғынының пәтерін тартып алмақ болған бопсалаушы сотталды
Сурет: polisia.kz
Талдықорғанда полиция қызметкерлері азаматтың мүлкін сақтап қалып, аса ірі көлемде қылмыстың жасалуына жол бермеді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу материалдарына сәйкес, айыпталушы бір жыл бойы қаладағы ЖШС-нің бірінде бейресми түрде басшылық қызметін атқарып, бас директордың ауызша тапсырмасымен жұмыстан босатылған. Осыдан кейін ол заңсыз жолмен пайда табу ниетімен бұрынғы жұмыс берушісін бопсалауға кіріскен.
Айыпталушы кәсіпорынның салықтан жалтарғанын дәлелдейді деп мәлімдеген материалдардың бар екенін айтып, оларды жарияламау үшін құрылтайшыдан құны 16 млн 500 мың теңге тұратын пәтерді өз атына рәсімдеуді талап еткен. Ол тіпті нотариат кеңсесі арқылы мүлікті қайта рәсімдеу әрекетін де жасаған.
"Полиция қызметкерлерінің жедел және үйлесімді жұмысының нәтижесінде күдікті дәл осы нотариат кеңсесінде қолға түсті. Осылайша мүлікті заңсыз иелену әрекетінің және аса ірі көлемдегі залалдың алдын алу мүмкін болды", - деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Сот ер адамды бопсалау фактісі бойынша кінәлі деп танып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript