Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында 33 мектептің күзетшісі жұмыстан қысқарып қалған

күзетші, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2023 01:46 Сурет: видео скрині
Түркістан облысындағы мектеп күзетшілері жаппай жұмыссыз қалды. Себебі Түлкібас ауданындағы 33 мектептің қауіпсіздігін жеке компания күзететін болған. Сондықтан 100 шақты қызметкер қазан айынан бастап жаппай қысқартуға ұшырамақшы, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
"Аяз деген жігіт хабарласып, "Айлықтарың 62 мың болады" деді. "62 мың аз ғой, біз алып жатқанымыз 83 мың" деп едік, "62 мыңға көнбесеңдер, боссыңдар" деді. Сонда біздің құқымыз қайда? Бізді қорғайтын біреу бар ма? Бұл заңсыз боп тұр ғой. Мен әлі мектептен босатылған жоқпын, ол мені жұмыстан шығарып тастап, менің орныма басқа адам әкеп қойған". Күзетші Марат Қосаев

Жалақыны "азсынғандарды" жаппай жұмыстан босатқан жаңа басшылық қалғанына сертификат алу үшін "7 мың теңгеден жинайсыңдар" деген. Тіпті күзет формасын сатып алуды да өз мойындарына іліпті. Әу баста күзетшілер "қысқартуға ұшырамайды" деген уәде сол күйі орындалмаған. Алайда мектептердің қауіпсіздігін күзетуді тендерден жеңіп алған компания айлықты "62 мың теңгеден асыра алмаймыз" деп отыр. Сондықтан күзетшілердің наразылығын басу үшін білім бөлімі бір реттік өтемақы беріпті.

Ал жеке компания жылдың соңына дейін білім ошақтарын күзетуге 30 миллион теңге алған. Келер жылы күзетке жаңа тендер жарияланбақшы.

"Бұл кісілерге өтетін кісілер бар, болмаса 62 мың теңгеге келіспей отырған адамдар бар ғой арасында. Ол кісілермен есебін алып отырамыз. Кім шартты жалғастырады, болмаса, жалғастырмайды. Бұл жердегі бюджет өтінімді береміз, содан кейін. Және осы айдың қаржысы қазан айының ішінде штат санының қысқаруына сәйкес тиісті өтемақы жасап береміз. Үнемделген қаржы есебінен жабамыз. Шамамен 10 миллион теңге болуы мүмкін. Бір ай ішінде төлеп береміз".Түлкібас ауданы білім бөлімінің басшысы Ержан Қадырбек
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: