Ұлытау облысының әкімі өңірде қандай жолдар жөнделгенін айтты

Өңір басшысының сөзінше, республикалық маңызы бар жолдар бойынша көлік саласында, атап айтқанда Қарағанды – Жезқазған автожолын қайта жаңарту бойынша (433-946 шқ) 513 шқ конкурстық рәсімдер қазанда аяқталады.
"Қызылорда – Жезқазған (216-424 км) 208 км автожолын қайта жаңарту" жобасы бойынша конкурстық рәсімдерді аяқтау 2023 жылдың қазан айының соңына дейін жоспарлануда. Жезқазған – Арқалық автожолының учаскесі бойынша 20 шақырымнан 13 шақырымға ірі түйіршікті асфальтбетон төселді".Ұлытау облысының әкімі
Облыстық маңызы бар жолдардың жай-күйін жақсарту жөніндегі жұмыс шеңберінде "Қаражал – Атасу" (0-28) автомобиль жолын қайта жаңарту жалғасуда, 4 шақырым салынып, 1 млрд. теңге бөлінді.
"Сәтбаев – Малшыбай – Жошы хан, Домбауыл кесенесі" 0-19, 5 шқ автожолының құрылысына 1 млрд теңге бөлініп, 4,3 шқ жол салынды.
2,4 млрд теңгеге 36 ш автожолға орташа жөндеу жүргізілді ("Самарқа – Атасу-Айнабұлақ" 15 шқ, "Қаражал-Шалғия" 5 шқ, "Ұлытау – Бозтұмсық – Малшыбай – Сәтбаев" 15 шқ).
"54,4 шқ көше және орамішілік жолдар жөнделді, оның ішінде: Жезқазған қаласы бойынша 1,6 млрд теңгеге 14,7 шқ, Қаражал қаласы мен Жәйрем кенті бойынша 1,1 млрд теңгеге 17,8 шқ, Сәтбаев қаласы бойынша – 710,5 млн теңгеге 4,8 шқ, 1,1 млрд теңгеге Ұлытау және Жаңаарқа аудандары бойынша 17,1 шқ жол жөнделді".Ұлытау облысының әкімі
Сонымен қатар өңір басшысы "Ауыл – ел бесігі" аясында 1,1 млрд теңге сомасына 9 АЕМ-де 45 шқ жол жөнделгенін атап өтті.