Павлодарда тойда төбелес шығарғандар ұсталды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2023 15:51 Сурет: Zakon.kz
Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 7 қазанда түнгі сағат 22:39-да кафенің бірінде төбелес шықты, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
"Шақырту бойынша автопатруль жіберілген болатын. Төбелес тойда таныстардың арасында шыққаны анықталды. Олар арыз жазудан бас тартты", - деп хабарлады департамент.

Тәртіп сақшылары төбелестің барлық қатысушыларына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440 және 437-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: