Алдағы күндері Астана, Алматы және Шымкентте қандай ауа райы болатыны айтылды

Астана
10 қазан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан екпіні 9-14м/с, кей уақытта екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +20+22°С.
11 қазан көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан екпіні 9-14 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +11+13°С.
12 қазан көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан екпіні 9-14 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +9+11°С.
Алматы
10 қазан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +23+25°С.
11 қазан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан екпіні 3-8 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +25+27°С.
12 қазан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші - 3-8м/с. Жел екпіні күндіз 15 м/с болады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +25+27°С.
Шымкент
10 қазан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан екпіні 8-13 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +26+28°С.
11 қазан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан екпіні 8-13 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +27+29°С.
12 қазан көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 8-13м/с, 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +23+25°С.