Алдағы күндері Астана, Алматы және Шымкентте жаңбыр жауады
Сурет: pixabay
Синоптиктер 2023 жылғы 11-13 мамырда Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана
11 мамыр – көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12°C , күндіз 24-26°C жылы.
12 мамыр – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 7-9°C, күндіз 20-22°C жылы.
13 мамыр – көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 9-11°C, күндіз 15-17°C жылы.
Алматы
11 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16°C, күндіз 29-31°C жылы.
12 мамыр – көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 13 м/с болады. Ауа температурасы түнде 15-17°C, күндіз 28-30°C жылы.
13 мамыр – көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 3-8, екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17°C, күндіз 25-27°C жылы.
Шымкент
11 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 14-16°C, күндіз 31-33°C жылы.
12-13 мамырда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20°C, күндіз 30-32°C жылы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript