Жаңалықтар тізбегі
0

Ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккен диқандарға мемлекеттік органдар көмек көрсетеді

ҚР Үкіметі отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсетеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2023 09:01 Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов уәкілетті органдарға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсету жұмыстарын дереу бастауды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия келесі шараларды қабылдауды ұсынды:

  • форвардтық сатып алу аясында "Азық-түлік корпорациясының" сатып алу бағасын 3 класты бидай үшін 120 мың теңге және 4 класты бидай үшін 105 мың теңге мөлшерінде белгілеу;
  • форвардтық сатып алу және тауарлық несие бойынша фермерге міндеттемелерді айыппұл төлемдерінсіз ақшалай қаражат арқылы немесе 1,05% не 5% коэффициент бойынша 3 класты бидайды 4 класқа ауыстыру арқылы орындауға мүмкіндік беру;
  • міндеттемелерді орындауға мүмкіндігі жоқ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін банк сыйақыларын 3% көлемінде өтей отырып, шартты орындау мерзімін 1 жылға ұзартуға мүмкіндік беру.

Министр аталған шаралармен бірге фермерлер "Азық-түлік корпорациясының" астықты, әсіресе жемдік бидайды егіншілерден тікелей сатып алу мәселесін көтеріп отырғанын атап өтті. Бұл астық нарығына әсер етуге және сол арқылы астық өндірушілердің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Айтылғандарды ескере отырып, 350 мың тонна көлемінде астықты келесі бағамен сатып алуды жүзеге асыру ұсынылды: 4 класты бидай үшін – 105 мың теңге, 5 класты бидай үшін – 90 мың теңге, класқа жатпайтын бидай үшін – 70 мың теңге.

Бұл ретте, сатып алу бюджеттен тиісті қаражат бөлінгеннен кейін жүзеге асырылатын болады.

Талқылау қорытындысы бойынша Мемлекеттік комиссия мүшелері ұсынылған шараларды қолдады. Премьер-Министр уәкілетті мемлекеттік органдарға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсету жөніндегі жұмысты дереу бастауды тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: