Жаңалықтар тізбегі
0

Баланың "есірткі жасырушы" болып жұмыс істеп жүргенін қалай анықтауға болады

Есірткі жасырушы, есірткі, оқушы, ҚР ІІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2023 12:59 Сурет: unsplash
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі есірткі жасырушы балаларға тән белгілерді санамалап, ана-ананы сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ата-ананы мына белгілерге назар аударуға шақырды:

  • баланың телефонында үй кіреберістерінің, аялдамалардың, қабырғалардың суреттері пайда болса;
  • жеке заттары арасында изолента, zip-пакеттер, қалта электронды таразылары пайда болса;
  • араласатын ортасы өзгерсе;
  • сөйлеу мәнері өзгеріп, әңгіме тақырыбын бұруға тырысса, дөрекілік танытса;
  • күн тәртібі өзгерсе: оқуға бірнеше сағат бұрын кетіп, оқудан бірнеше сағатқа кешіксе, кіммен және қайда болғанын айтпаса;
  • жаңа заттар пайда болса және оның қайдан келгенін түсіндіруден бас тартса.
Есірткі жасырушы, есірткі, оқушы, ҚР ІІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2023 12:59

Сурет: polisia.kz

Ішкі істер министрлігінің пайымынша, бұл белгілер баланың есірткі жасырушы болып жұмыс істеп жүргенін білдіруі мүмкін.

"Бұл белгілердің пайда болуы баланы бақылауға, кез келген заңсыз іс-әрекеттің салдарын түсіндіре отырып, онымен сөйлесуге себеп болуы керек".ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Бұған қоса Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, ал есірткі сатқаны үшін 14 жастан басталатынын еске салды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: