Еліміздің екі қаласында ауаның ластануы артады

Еліміздің екі қаласында ауаның ластануы артады деп болжануда, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2023 11:23 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Сәрсенбі, 11 қазанда Алматы мен Атырауда синоптиктер ауада зиянды заттардың жоғары болуы мүмкін деп болжап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ пайда болған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Бұған дейін синоптиктер Астана қаласы мен 13 облыс тұрғындарына боран қаупі туралы ескерткен болатын. Мамандар қатты жел соғып, найзағай ойнайды деп отыр.

Синоптиктердің болжауынша, 11 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, ауа райы тұрақсыз болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: