Ақтөбеде қызылша жұқтырғандар көбейіп барады

Ақтөбеде қызылша жұқтырғандар көбейіп барады, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2023 16:45 Сурет: pixabay
Ақтөбе облысында қызылша ауруы өршіп тұр. Ақпан айынан бері вирус жұқтырды деген күдікпен 593 адам тіркелген.

Зертханалық тексеріс нәтижесінде олардың 370-нен ауру белгілері анықталған. Дәрігерлердің айтуынша, балалар арасында қызылшаға қарсы екпе алмағандар көп. Қазір ем алып жатқандардың да көбі он төрт жасқа дейінгілер, деп жазады qazaqstan.tv.

Оқу жылы басталғалы 56 бала ауырған. Ауруханаларда барлығы 70 науқас бар. Қосымша 101 кереуеттік орын дайындалды. Мамандар жағдай осылай жалғаса берсе, білім беру ұйымдары онлайн режимге көшуі мүмкін екенін ескертеді.


"Баланың саны 4-5 асқан жағдайда алдын алу шараларының тәртібіне сай, сол мектептің бірінші сыныбы әрі қарай бүкіл мектепке дейін жабылу қаупі орын алуы мүмкін. Жоспарға сай, санына сай, егер етек жайып бара жатса жабамыз." Мейрамбек Құрманғазин, облыстың бас инфекционист дәрігері
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: