Синоптиктер бірнеше өңірде найзағай ойнап, қар аралас жаңбыр жауатынын болжады

жаңбыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2023 00:11 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 12 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде найзағай ойнап, қар аралас жаңбыр жауатынын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Шымкентте солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 

Атырау облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) мол түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. 

Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында күндіз күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік болады. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 17-22 м/с болады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: